
431 га жердегі алма бағына иелік етіп отырған «West Agro-Milk» ЖШС-нің жетекшісі Руслан Қашеновтың айтуынша алманың басын жинап, Атырау базарына сатып жатқан көрінеді. Алайда, өнім сапасы өңір брендіне айналу үшін әлі біраз жұмыс керек. Серіктестік агрономымен әңгіме барысында аудан басшысы шаруалардың жұмысына көңілі толмайтын жеткізді. Баққа жаңа көшеттер отырғызуды тапсырып, жұмысты ширату керектігін ескертті.