
Аудан басшысы Әділ Жоламанов жұмыс сапарымен Подстепное ауылдық округіне барып, Тоқпай ауылында бой көтеріп жатқан 6 пәтерлік 3 қабатты 20 үйдің құрылыс жұмыстарын қарап шықты. Құрылысқа жауапты мердігерлемен тілдесіп, болашақта бой көтеретін мектеп пен балабақшаның ыңғайлы жерде орналасуын талқылады. Сондай-ақ, бас жоспарға сәйкес кірме жолды тартуға қолайлы жерді де дұрыс белгілеуді жауапты бөлімге тапсырды.
"Каз-Хол" ЖШС салып жатқан нысанда қазірдің өзінде екі үйдің шатыры жабылып, ішкі жұмыстары басталса, екі үйдің толықтай дерлік қабырғалары қаланып тұр.
Алайда, учаске басшылары жұмыс қолының, әсіресе кірпіш қалаушылардың жетіспей жатқанын жасырмады.