
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 26 күні Теректі ауданының әкімі аппаратының бас инспекторы Байжумашева Аэлита Маратқызының қатысуымен Теректі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша қоғамдық бақылау жүргізілді.
Қоғамдық бақылау барысында аталмыш мекемеде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында пандус, арнайы қоңырау батырмасының орнатылуымен, мекемеге келген қызмет алушыларға арналған «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының» жұмыс істеп тұруына бақылау жүргізілді.