
Жұмыс күнінің соңында аудан әкімі Әділ Жоламанов Федоровка ауылында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өтіп жатқан екі қабатты үйде болып, жұмыс қарқынын қарап шықты.
Содан соң күрделі жөндеуден өтіп жатқан стадионда болып, мердігерлер жұмысын тексерді. Мердігер мекемелер жұмысының баяу жүріп жатқанын ескертіп, жауапты бөлімге құрылыс қарқынын үдетуді тапсырды.