Мониторингтік топ Жаңа Өмір, Подстепное ауылдарында болды

Мониторингтік топ Жаңа Өмір, Подстепное ауылдарында болды

Аудандық мониторингтік топ Жаңа Өмір, Подстепное ауылдарындағы саябақтар мен дүкендері аралап, сауда орындарындағы кәсіпкерлерге санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар арнайы топ мүшелері саябақтардағы демалушыларға бас дәрігердің қаулысына сәйкес қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керектігін ескертті.

Рейд барысында кафелер мен тамақтану орындары тексеріліп, дүкендердің белгіленген уақыттан тыс жұмыс жасамауын қадағалауды жергілікті атқарушы орган өкілдеріне тапсырды. Кей жерлерде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға селқос қарайтын саудагерлердің бар екенін айта кету керек. Әзірге ескертумен шектелген мониторингтік топ, келесі ретте заң талаптарына сай шара қолданатын болады.