Қоғамдық қабылдау жүргізілді

Қоғамдық қабылдау жүргізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің БҚО бойынша департаментінің бастамасымен ағымдағы жылдың тамыз  айының 22 күні  «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Теректі ауданының бөлімінде «Қызмет алушылар күніне орай» онлайн форматта қоғамдық қабылдау өткізілді.

Қабылдауға онлайн қосылған азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсетілуі бойынша жер қатынастары саласына өз сауалдарын қойып, мамандар тарапынан толықтай жауап берілді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы шаралар өз жалғасын табатын болады.