
Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламановтың өкімімен ауданда дәрілік заттар бағасының негізсіз жоғарлауын болдыртпау, ауруханадағы орындардың сыйымдылығын анықтау және меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындардың
Аталмыш топ құрамында аудан әкімінің орынбасары, кәсіпкерлік бөлімі, ішкі саясат бөлімі басшылары, жергілікті полиция қызметінің өкілдері, "Нұр Отан" партиясы Теректі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары бар.
Мониторингтік топ аптасына екі рет аудандағы дәріханалар мен дүкендерді аралайды. Сонымен қатар, мекемелердегі карантин талаптарының сақталуын бақылайды.
Егер сіз дәрілік заттар бағасының негізсіз жоғарлауы туралы фактілерді байқасаңыз 109 нөміріне немесе 87474929179 нөміріне хабарласа аласыз.
Әділет ӘЛІБЕКҰЛЫ