Құрметті теректіліктер! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Біздің байтақ жеріміз ондаған ұлт, миллиондаған адам үшін алаңсыз өмір сүріп, еңбек ететін елге, сүйікті Отанына айналды. Халқымызда «Ырыс алды – ынтымақ» деген қанатты сөз бар. Бірлігі бекем елдің ынтымағы, халқының достығы пен бауырмалдығы бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық. Біз, бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында жұмылған қуатты қазақстандықтар еліміздің жүйелі дамуы мақсатында аянбай еңбек етуге тиіспіз.
Уважаемые теректинцы! Поздравляю вас с большим и светлым праздником – Днем единства народа Казахстана! Единство, мир и согласие народа является основой благополучия и процветания нашей родины. На протяжении веков на нашей земле перекрещивались судьбы многих народов - носителей различных культур, религий и традиций. Исторически сложилось, что Теректинский район – один из самых многонациональных в регионе. Здесь в согласии живут представители около 30 национальностей. Деятельность наших национально-культурных центров по сохранению традиций, языка, культуры этих народов органично вписывается в общее русло укрепления межнациональных отношений. Мы стали единым целым.
Ардақты ағайын! Бірлік – біздің өмірлік қағидамыз, елдік салтымыз. Ел басына түскен қиындықты бірлікпен жеңіп келеміз. Күні кеше халықты әбігерге салған тасқын суды да осы бірлігіміз, жұмылған күш-қайратымыз арқасында жеңдік. Алдымызда үлкен жұмыстар тұр. Тасқыннан зардап шеккен ағайынның тірлік-тұрмысы түзелуіне көмек керек. Талай сындардан абыроймен өткен, рухы биік, ынтымағы берік Теректі халқының қандай істе болса да табысқа жетеріне сенімім мол. Сіздерге мықты денсаулық, барлық мақсатты істеріңіз бен ізгі бастамаларыңыздың орындалуын тілеймін.
Аким района Муханбетжанова Алия Бигазиевна