Аудан әкімі Әділ Жоламановтың мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтауы

Аудан әкімі Әділ Жоламановтың мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтауы

Құрметті мемлекеттік қызметшілер! Баршаңызды бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Елге қызмет етемін деп мемлекеттік қызметке келгеніме ширек ғасыр болған екен. Кез келген жас маман секілді бастапқы жылдары түрлі қиындыққа әрі қызыққа толы оқиғалардың куәсі болдық. Жүктеген жауапкершілікті ауырсынып, орта жолдан жұмысты тоқтату туралы ойдың болғаны да жасырын емес. Қалай десек те, алмағайып уақытты артқа тастап, бүгінгі күнге жеттік. Ертеңіміз бұдан да жарқын боларына сенімдімін. Елбасымыздың басшылығымен тәуелсіздік алған алғашқы қиын жылдардың өзінде жақсы жаңалықтың жаршысы болып, жаңа бастаманың басы-қасында мемлекеттік қызметшілер жүрді. Өндірістер тұралап, экономикасы жаңадан тəй-тəй басқан жас мемлекеттің бүгінгідей дамуы жолында көпшілікпен бірге қызмет еткенімді мақтан тұтамын. Қай уақытта да мемлекеттік қызметшілерден елге деген сүйіспеншілік пен Отанға деген үлкен махаббат талап етіледі. Әрқашан өзімізге жүктелген міндетті қалтқысыз орындауға тырыстық. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл саланың сапына жыл сайын жас мамандар қосылып, мемлекеттік қызмет көрсету түрлері де оңтайландырылуда. Халықпен онлайн байланыс орнатып, электронды қызмет көрсету мүмкіндігіне қолымыз жетті. Қай сала, қай қызметте жүрсек те елдің алғысынан асқан марапат жоқ. Осыны ешқашан жадымыздан шығармауымыз керек. Әріптестер, баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңа амандық, дендеріңе саулық тілеймін! Ел үшін жұмылған жұдырықтай болып, біріге қызмет атқара берейік!

Ізгі тілекпен, Теректі ауданының əкімі Əділ Жоламанов.