
Су жүру жолдары алдын ала тазаланды. Қар шығарылуда. Дегенмен тұрғындардан “көшеде су жайылды” немесе “ауламды су басты” деген хабарлар түсуде.
Бүгін бұндай жағдай Теректі, Подстепное ауылында болып жатыр.
Осыған орай Теректі ауданы әкімдігі:
“Құрметті аудан тұрғындары!
Баршаңызға мәлім, аудан бойынша көшелерді еріген қар суынан тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қауіп төнген аймақтарда біздің мамандар күні-түні жұмыстануда.
23 қаңтардан бастап көктемгі су тасқынына қарсы штаб құрылды, штабқа 130-ға жуық өтініш түсті. Өтініштер көбінесе жеке тұрғын үй секторларынан түсуде.
Қазіргі уақытта 7 ассенизатор және 15-тен астам ауыр техника, насостар тартылды. 32 текше метр инерттік материалмен көмек көрсетілді. Жұмыстар жалғасуда.
Ауа-райының жаңбырлы болуына байланысты дала суларынан елді мекендерге, бау-бақша учаскелеріне қауіп бар. Аудан аумағындағы қоймаларының деңгейін бақылауда ұстап, қажетті шараларды қабылдаудамыз.
Тұрғындардан алаңдамауды сұраймыз және су тасқынының алдын алу үшін қажетті шараларды атқарудамыз” деген мәлімдеме жариялады.
Егер су басу қаупі білінсе, “112” және “101” бойынша хабарлаңыз.