Теректі ауданы тұрғындарының назарына!

Теректі ауданы тұрғындарының назарына!

Мемлекетімізде төтенше жағдай аяқталып, карантиндік режим жеңілдетілгенмен, аудандығы коронавирус індетінен зардап шеккендер саны азаймай тұр. Індет адам көп шоғырланған жерлерді тез таралатындығы айтылғанымен, тұрғындар тарапынан салғырттық көп. Жеке бастың гигиенасы мен сақтық шараларының уақытылы әрі дер кезінде жасалмауы салдарынан ауру қоздырғышын жұқтырғандар саны артып келеді. Күллі әлемге кесірі тиген кеселге немқұрайлы қарау – өз болашағыңа балта шабумен бірдей.

Облыс аумағында ауруды асқындыру салдарынан қайғылы оқиғалардың орын алып жатқанын да ғаламтордан, БАҚ беттерінен естіп, көріп отырмыз. Жоғарыда айтылған жайттарды ескере отырып:

Банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, отбасылық, естелік, әдет-ғұрып және өзге де адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізуге тыйым салынады;

Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындар санитарлық-эпидемиологиялық тәртіптің (әлеуметтік қашықтық сақтау, санитайзерлер қою, ғимаратқа бетпердесіз жібермеу, т.б.) сақталуын қамтамасыз етуі тиіс;

2020 жылдың 17 маусымынан бастап жұмыс уақыты мен режимі бойынша келесі шектеулер белгіленді. Жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференциялар селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыспен өтеді. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің 80%-ы "қашықтықтан" жұмыс жасау формасына ауысты;

Қоғамдық көлік барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, сағат 06:00-ден 21:00-ге дейін шектеулі режим шеңберінде жүретін болады.

Жоғарыда айтылған нұсқамаларға жауапкершілікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауларыңызды сұраймыз.