Федоровта екі көшенің жолы жөнделеді

Федоровта екі көшенің жолы жөнделеді

Теректі ауданы орталығында Рабочая және Молодежная көшелерінің жолы күрделі жөндеуден өтеді. Қазір жұмыстар басталып кетті.

Рабочая көшесінің жалпы ұзындығы-0,415 км болса, оның жолын жөндеуге 61 млн 179 мың теңге қаражат қарастырылған. Ал ұзындығы 0,489 км болатын Молодежная көшесінің жолын жөндеуге 55 млн 271 мың теңге көлемінде қаражат бөлінген. Қос көшенің жол жөндеу жұмыстарымен "Разак" ЖШС айналысуда. Жергілікті тұрғындардан оннан астам адам жұмыспен қамтылып отыр.

Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламанов басталған жұмыстарды көзбен көріп, мердігерге сапаға мән беруін тапсырды. Сонымен қатар, екі көшенің тұрғындарының пікірі ескерусіз қалмауын назарда ұстау керектігін айтты.

Әділет ОРЫНБАСАР