
Федоров ауылындағы орталық стадион халықтың ең көп шоғырланар орны. Стадионға жаңа келбет сыйлап, абаттандыру мәселесі күн тәртібінен түспей келген.
Алдағы бір айда халықтың сүйікті орны адам танымастай өзгереді деп күтілуде. Үлкен футболға деген қызығушылық бәсеңдеп, шағын футболдың дәурені жүріп тұрғаны бәрімізге аян. Осыған орай, стадион төрт бөлікке бөлініп, шағын футбол алаңы, балалар ойнайтын алаңқай, ашық аспан астындағы кинотеатр және заманауи воркаут алаңы бой түзейді.
Аудан орталығы тұрғындары бұл жұмыстардың нәтижесін жуық арада көреді.