
Баршаңызды 14- наурыз “Көрісу күні”, көктемнің басы – Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Көрісу (Амал мерекесі) – қазақ халқында ежелден келе жатқан, күні бүгінге дейін сақталған дәстүр. Бұл – елдің ырыс-ынтымағы мен бір-біріне құрметін арттыратын айрықша мереке.
Мемлекет басшысы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Наурыз мейрамының мазмұнын одан әрі байыту керектігін айтқан еді.
Осы ретте, ұлттық құндылықтарымыз бен дәстүрлерімізді жаңғыртудың маңызы өте зор.
Адамдар бұл күні арасындағы бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, араздықты ұмытып, бір-біріне амандық-саулық тілейді.
Көктемге аман-есен жеттік деп, дастархан жайып, үлкендерге сәлем беріп, құттықтап жатады.
Ендеше ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында аудан тұрғындарына тілерім береке-бірлігіміз артып,
әр отбасына амандық,еңбектеріңізге зор табыстар тілеймін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Құрметпен, аудан әкімі Муханбетжанова Алия Бигазиевна