«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша ХАБАРЛАМА!

«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша ХАБАРЛАМА!

          Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін қызмет алушы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету» туралы № 105 бұйрығы негізінде «Отбасы банк» акционерлік қоғамы арқылы «Baspana Market» жылжымайтын мүлік порталында электрондық форматқа өтінім қалдырады.

(Ол үшін жеке тұлғаның ЭЦҚ кілті, Egov Mobail мобильді қосымшасы, кадр бөлімімен немесе нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасы көшірмесінің сканерленген нұсқасы қажет).

Қазіргі таңда көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін өтінімдерді қабылдауға портал ашылғандығын хабарлайды.

Туындаған сұрақтар бойынша «Теректі ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарласыңыз, телефон – 21948.