
Құрметті теректіліктер!
Сіздерді Қазақ елі үшін қасиетті мереке – мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Егемендік пен елдіктің нышаны рәміздеріміз болса, оны қастерлеу – азаматтық парызымыз. Шекара қазығы қағылып, күллі әлемге тәуелсіздігін танытқан іргелі елдің еңсесі де рәміздерімен биік.
Ел азаматы ретінде өскелең ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, қазақстандық патриотизмге баулуымыз керек. Болашақ еншісінде қаншама бастама жатыр. Осының барлығы ел тәуелсіздігінің арқасы.
Уважаемые теректинцы!
Поздравляю вас с Днем государственных символов Республики Казахстан!
Государственный Флаг, Государственный Гимн, Государственный Герб – наше национальное достояние. Государственные символы объединяют нас в самые важные моменты в судьбе Отечества – от национальных праздников до спортивных побед . Для истинного патриота Флаг, Герб, – это не просто символы, это небо и солнце над родной землей, это образ родного дома. Каждый гражданин, как патриот своей страны должен с уважением относиться к государственным символам.
С праздником, дорогие земляки! Желаю вам крепкого здоровья, счастья и благополучия, успехов в труде на благо нашей Родины – Республики Казахстан!
Құрметті жерлестер!
Бүгінгі қасиетті мерекеде шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға береке, дендеріңізге саулық тілеймін. Іргеміз берік, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Құрметпен, Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов