Қызметтік автокөлік – қызмет үшін

Қызметтік автокөлік – қызмет үшін

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті белгіленген құзыреттілік шегінде мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылау салаларында реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Агенттіктің аумақтық органы болып табылады.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің 6-тармағына сәйкес мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша, лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалану қажет.

Яғни, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі 6-тармағының 8) тармақшасына сәйкес мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша, лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалану болып табылады.

 Барлық мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін басшылыққа алуы тиіс. Аталған Кодекс мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті ұтымды әрі тиімді пайдалануға міндеттейді. Аталған талап барлық мемлекеттік меншікке, соның ішінде қызметтік автокөлікке де қатысты. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік автокөліктерді олар берілген мақсаттарда ғана, яғни тек жұмыс үшін пайдалануы қажет. Әдеп кодексінің жоғарыда көрсетілген талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілік қарастырылған.