Некені тіркеу тарифтері және АХАТ арқылы көрсетілетін басқа да ақылы қызметтер туралы

Некені тіркеу тарифтері және АХАТ арқылы көрсетілетін басқа да ақылы қызметтер туралы

АХАТ функцияларын Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік корпорация құрылымына берудің басты себебі цифрландыруға көшу процесін жүзеге асыру болып табылады.

АХАТ желісі бойынша мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі бұрынғысынша қалады, барлық мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес көрсетіледі. Қазіргі уақытта ақылы тарифтер мен АХАТ-тың тегін қызметтері бекітілген.

АХАТ-тың барлық әлеуметтік маңызды қызметтері – тууды, өлімді мемлекеттік тіркеу-Мемлекеттік корпорацияға ауысқаннан кейін де тегін болып қалды.

 

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтеріне ақы төлеу мөлшері

 

№

Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің)атауы және сипаттамасы

Қызмет құны

1.

Баланың тууын мемлекеттік тіркеу, тууды мемлекеттік тіркеу туралы азаматтық хал актілерінің жазбаларына, оның ішінде әке болуды (ана болуды) белгілеуге, баланы асырап алуға, атын, тегін және әкесінің атын өзгертуге байланысты өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

1)

Баланың тууын мемлекеттік тіркеу

Тегін

2)

Қайтыс болған баланы және өмірдің бірінші аптасында қайтыс болған баланы мемлекеттік тіркеу

Тегін

3)

Бір жасқа толған және одан да көп баланың тууын мемлекеттік тіркеу (мерзімін өткізіп ала отырып)

Тегін

4)

Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған кәмелетке толмаған баланың тууын мемлекеттік тіркеу

Тегін

5)

Тууды мемлекеттік тіркеу туралы азаматтық хал актілерінің жазбаларына, оның ішінде атын, әкесінің атын, тегін өзгертуге байланысты өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

1 932,00

6)

Ата-аналардың бірлескен өтініші негізінде әке (ана) анықталуына байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы актінің жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу

Тегін

7)

Анасы қайтыс болған, анасы қайтыс болды деп жарияланған, анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылған, анасы әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасынан ата-ана құқықтарынан айырылған не шектелген, анасының тұрғылықты жерін белгілеу мүмкін болмаған жағдайларда өзін баланың әкесі деп таныған адамның әкелігін (анасын) анықтауға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы актінің жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу

Тегін

8)

Әке болуды анықтау, сондай-ақ әке болуды тану фактісін және әке болу фактісін анықтау туралы сот шешімі бойынша адамның әке (ана) болуын анықтауға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы актінің жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу

Тегін

9)

Әке болуды белгілеу туралы бұрын шығарылған сот шешімінің, сондай-ақ әке болуды белгілеу туралы акт жазбасының күшін жою туралы, жазбаны жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің күшін жою туралы сот ұйғарымын (қаулысын) алған кезде тууды мемлекеттік тіркеу туралы актінің жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу

Тегін

10)

Бала асырап алуға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы актінің жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу

Тегін

11)

Бала асырап алу туралы бұрын шығарылған шешімге қосымша жаңа қосымша шешім шығарылған жағдайда, бала асырап алуға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы актінің жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу

Тегін

12)

Шетел азаматтары асырап алған кезде дербес деректердің өзгеруіне байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы актінің жазбасына немесе тууды мемлекеттік тіркегені үшін өзгерістер, толықтырулар енгізу

7 728,00

2.

Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы азаматтық хал актілерінің жазбаларына, оның ішінде атын, тегін және әкесінің атын өзгертуге байланысты өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

1)

Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты)мемлекеттік тіркеу

3 864,00

2).

Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы актінің жазбасына, оның ішінде атын, тегін, әкесінің атын өзгертуге байланысты өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

1 932,00

3)

Неке жасын төмендету қажет болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу

3 864,00

3.

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілерінің жазбаларына, оның ішінде атын, тегін және әкесінің атын өзгертуге байланысты өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

1).

Өзара келісім бойынша некені бұзуды мемлекеттік тіркеу

7 728,00

2)

Жұбайын хабар-ошарсыз кетті, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы сот шешімі, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшін жұбайын кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттау туралы сот үкімі негізінде некені бұзуды мемлекеттік тіркеу

386,40

3)

2019 жылғы 10 желтоқсанға дейін шығарылған некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімі негізінде некені бұзуды мемлекеттік тіркеу

Сот шешіміне сәйкес

4)

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы қолданыстағы актілік жазба толықтырылған жағдайда, 2019 жылғы 10 желтоқсанға дейін шығарылған некені (ерлі-зайыптылықты)бұзу туралы сот шешімі негізінде некені бұзуды мемлекеттік тіркеу

Сот шешіміне сәйкес

5)

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы азаматтық хал актілерінің жазбаларына, оның ішінде атын, тегін, әкесінің атын өзгертуге байланысты өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

1 932,00

4.

Азаматтық хал актілері жазбаларының күшін жою

1)

Мүдделі тұлғалардың өтініші негізінде азаматтық хал актілері жазбаларының күшін жою

Тегін

2)

Сот шешімінің негізінде азаматтық хал актілері жазбаларының күшін жою

Тегін

5.

Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру

1)

Мүдделі тұлғалардың өтініші негізінде азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру

1 932,00

2)

Сот шешімі негізінде азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру

1 932,00

6.

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер, анықтамалар беру

1)

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер беру,

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы"Қазақстан Республикасы Кодексінің 182-бабына сәйкес қайтыс болу туралы қайталама куәліктер беруді қоспағанда

3 864,00

2)

Азаматтық хал актілерін қағаз жеткізгіште мемлекеттік тіркеу туралы анықтамалар беру,

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы"Қазақстан Республикасы Кодексінің 182-бабына сәйкес қайтыс болу туралы анықтама беруді қоспағанда

1 159,20

3)

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы азаматтық хал актілерін электрондық нысанда мемлекеттік тіркеу туралы анықтамаларды, оның ішінде қайтыс болғаны туралы хабарламаларды беру

Тегін

4)

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап ету

1 932,00

5)

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерін қоспағанда, шет мемлекеттерден азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап ету

3 864,00

7.

Өлімді мемлекеттік тіркеу туралы актінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

1)

Өлімді мемлекеттік тіркеу

Тегін

2)

Өлімді мемлекеттік тіркеу туралы актінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

1 932,00

8.

Азаматтық хал актісін тіркеу туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)

1)

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы азаматтық хал актісін тіркеу туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)

Тегін