
Қатысушы ЖСН және электрондық поштаны енгізу арқылы тіркеліп, жеке кабинетінде келесі құжаттардың көшірмелерін жүктейді:
1) жоғары білім туралы диплом;
2) еңбек қызметін растайтын құжат (ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес);
3) мемлекеттік тілді B1 деңгейінен төмен емес меңгергенін растайтын әрі жарамды QAZAQ RESMI TEST немесе KAZTEST сертификаты.
🔹Сондай-ақ, тіркеу кезінде қатысушылар алты салалық бағыттың бірін таңдайды:
1. Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
2. Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
3. Сыртқы саясат және инвестициялар
4. Экономикалық және қаржылық саясат;
5. Цифрландыру
6. Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;
🔹Өтінім беру кезінде мемлекеттік тілді меңгергені туралы сертификат болмаған жағдайда үміткерге сайтта берілген промокод арқылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «ҚАЗТЕСТ» жүйесінде офлайн немесе ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының QAZAQ RESMI TEST бойынша онлайн тестілеуден бір рет тегін өту мүмкіндігі беріледі.
🔹Үміткер тиісті сертификат алғаннан кейін іріктеуге қатысу үшін тіркеуді аяқтай алады.
🔹Сертификат беру мерзімі – 2-7 жұмыс күні аралығын құрайды.
🔹Тестілеудің бірінші блогы – «Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілеттерін бағалауға» жазылу өтінімнің қабылданғанын растайтын хабарламаны алған сәттен бастап 2023 жылғы 30 қыркүйек сағат 23.59-ға дейін ашық болады.
🔹Қатысушы ұсынылған нұсқалардан тестілеу уақытын таңдауы керек.
☎️Байланыс нөмірлері:
+7 708 096 70 70 (көп арналы) 24/7 режимінде жұмыс істейді
pkrezerv.gov.kz сайтындағы JivoChat 24/7 режимінде жұмыс істейді
info@pkrezrv.gov.kz