АУДАН ӘКІМІ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

АУДАН ӘКІМІ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Бүгін Теректі ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова табиғат аясында аудандық "Теректі жаңалығы-Теректинская новь" газетінің ұжымын қабылдап, төл мерекелерімен құттықтады.

Әлия Биғазықызы газет редакторы Әділет Орынбасаровты, аудандық газеттің жауапты хатшысы Аягөз Айбарқызын және журналистер Нұрзия Сисенбаева, Камила Өтеуқызы, Самал Жәмет және Балнұр Қуанышқызына Алғыс хаттар ұсынып, шығармашылық табыс тіледі.

Аудандық журналистерді құттықтаушылардың қатарында облыстық "Приуралье" газетінің бас редакторы Тоқтар Кенжеғалиев, Теректі ауданы әкімінің орынбасары Дамир Гумаров, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Рауан Сатыбалдиев, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Нұрсұлтан Қадырғалиев және балалар шығармашылық үйінің қосымша білім беру педагогі Үміткер Орынғалиев болды.

Шара соңы журналистер қауымына арнап жайылған дастарханмен жалғасты.