Қоғамдық қабылдау жүргізілді

Қоғамдық қабылдау жүргізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің БҚО бойынша департаментінің бастамасымен ағымдағы жылдың мамыр айының 24 күні  «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Теректі ауданының бөлімінде онлайн форматта қоғамдық қабылдау өткізілді.

Қабылдауға онлайн қосылған азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсетілуі бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасы және жер қатынастары бойыша өз сауалдарын қойып, мамандар тарапынан толықтай жауап берілді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы шаралар өз жалғасын табатын болады.