2023 жылғы 30 наурызда Теректі аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының бірінші ұйымдастырушылық сессиясы өтті. Сессияны аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Арсен Бақытжанұлы Бисенгалиев ашты. Сессия жұмысына аудан әкімі Тілек Александрович Габдушев, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Аудандық мәслихатқа 12 депутат сайланып, депутаттарға төс белгілер мен куәліктер табысталды. Депутаттардың құрамы түрлі салалардың қызметкерлерін құрайды. Бірінші ұйымдастыру сессиясында депутаттар арасынан мәслихат төрағасы болып Әлжан Жақсыгерейұлы Нұрғалиев сайланды. Сессияда мәслихаттың екі тұрақты комиссиясы құрылып, оның құрамы мен төрағалары сайланды.
1) Бюджет, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, экология, жер орналастыру және агроөнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша комиссиясы;
2) Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік мәселелер бойынша комиссиясы.
Депутаттық корпус 75 % -ға жаңғыртылды. Сессияның күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып тиісті шешімдер қабылданды. Аудан әкімі Тілек Александрович Габдушев пен мәслихат төрағасы Әлжан Жақсыгерейұлы Нұрғалиев жаңадан сайланған депутаттарды құттықтап ,алдағы уақытта халықтың сенімін ақтап бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Сессия aitube платформасында онлайн режимінде өткізілді.