Аудан әкімі Т.А.Габдушевтің құттықтауы

Аудан әкімі Т.А.Габдушевтің құттықтауы
⚜️Құрметті теректіліктер!
⚜️Баршаңызды 14 наурыз – Көрісу айт (Амал) мерекесімен құттықтаймын.
Ескіше санақпен көктемнің алғашқы күндеріне тұспа-тұс келетін мейрамның тәрбиелік тұсы зор.
⚜️Көрісу – қазақ халқының өскелең ұрпақты ізеттілік пен мейірімділікке, ауызбіршілік пен кішіпейілділікке, татулық пен бауырмалдыққа бастайтын ерекше үрдістерінің бірі. Кішісі үлкенге амандасып, үлкені бата беретін бұл ізгі мереке үзілмейді.
⚜️Ұлыстың ұлы күнінің бастауы, құшағы кең қазақ халқының ақ пейілдігі мен даладай дархан болмысын дәл көрсететін ұлттық мереке жаңғырып-жаңарып, бүгінгі күнге жеткені қазақтың іргесі бекем ел екендігін дәлелдейді.
⚜️Дорогие мои земляки!
⚜️Я поздравляю всех с праздником!
Көрісу айт - это символ весеннего обновления, торжества дружбы и единения, плодородия. Этот праздник тепла, солнца и весны отмечали наши предки, деды и отцы. Отрадно, что Көрісу, один из особенных обычаев казахского народа сохранился и дошел до наших дней.
И именно с этого дня начинается подготовка к Наурызу, светлому празднику во славу обновления природы. В этот день мы ходим друг-другу в гости и по традиции, со словами «Бір жасыңмен», поздравлям друг-друга с обновлением души.
Желаю всем доброго здравия, успехов в ваших новых начинаниях!
Пусть вам сопутствует удача!
⚜️Ардақты ағайын!
Атадан балаға мұра боп жеткен осынау күні көрші-көлем, ағайын-жұрт арқа-жарқа амандасып, жаңа жасқа шығуымен құттықтасып жатады.
«Мал-жаңың аман ба» деп көрісетін қазақ ежелде Көрісу күні төлбасын санап, қыстан аман шыққанына қуанған екен.
Жер дүние жаңарып жатқан кезде келетін мерекеміз әр шаңыраққа ырыс пен береке алып келгей.
Жастан жасқа аман жетейік!
✍️Игі тілекпен, Теректі ауданының әкімі Тілекқабыл Габдушев