Жол-көлік оқиғасын жасап, жолаушылардың денсаулығына орта дәрежедегі зиян келтірген сотталған «қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі» жазасын өтеуде

Жол-көлік оқиғасын жасап, жолаушылардың денсаулығына орта дәрежедегі зиян келтірген сотталған «қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі» жазасын өтеуде

Теректі ауданының тұрғыны жол-көлік оқиғасын жасап, жолаушылардың денсаулығына орта дәрежедегі зиян келтіргені үшін 80 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту және 2 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасына сотталған.

      Жаза өтеу тәртібін қадағалауды БҚО бойынша ҚАЖД №1 Теректі аудандық Пробация қызметі жүзеге асырады. Аталған сотталған жазасын өтеуге «Подстепное ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-не жіберіліп, ауылды абаттандыру жұмыстары бойынша ақысыз қоғамдық жұмыстарына кірісті.

      2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасы құқықтық саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру негізінде (15.10.2021 ж. №674 Президент Жарлығы) қоғамдық жұмыстарға тарту жаза түріне байланысты жазалардың орындалуына жариялылық элементтерін беру мақсатында, осы санаттағы сотталғандарға «Қоғам алдындағы парыз өтеу» жазбасы бар арнайы жилет беріледі. Бұл терең профилактикалық әсері бар шара болып табылады.

      24.01.2023ж. Пробация қызметі қызметкерлері және «Подстепное ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің өкілімен бірлескен түрде қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазасының орындалу орны бойынша тексеріліп, қорытындысы бойынша «тексеру актісі» толтырылды.