Суармалы жерлерді қалпына келтіру

Суармалы жерлерді қалпына келтіру

06 қаңтарда ауданымызға Облыс әкімінің кеңесші Халелов Алдияр Сансызбайұлы, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысы Есімов Қуанышқали Сергейұлы, БҚО жер ресурстарының басқару департаментінің басшысының орынбасары Нұрахметов Тахир Нұрахметұлы, БҚО ауылшаруашылық басқармасының басшысының орынбасары Умашев Денис Молдағалиұлы, "КазСуШар" РМК БҚ филиалының басшысының м.а Хусайнов Рауан Ерланұлының қатынасуларымен Жасыл белдеу Сүтті белдеу қалыптастыру мақсатында Подстепное ауылының бірқатар шаруашылықтармен ескі суармалы жерлерді қалпына келтіру тақырыбында Теректі ауданының әкімі Ғабдушев Тілекқабыл Александрұлының төрағалығымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында келген басқарма басшылары мемлекеттік бағдарламаларды және мемлекет тарапынан көмектерімен артықшылықтары туралы және аудан әкімінің орынбасары Досмақов Ержан Нұржанұлы жалпы аудандағы суармалы жерлер жөнінде және Подстепное ауылының ескі суармалы жерлерін қалпына келтіру барысында алда тұрған жоспарларының орындалуы бойынша мәлімет берді