БҚО ӘКІМІ ПОДСТЕПНЫЙҒА КЕЛДІ

БҚО ӘКІМІ ПОДСТЕПНЫЙҒА КЕЛДІ

Теректі ауданына жұмыс сапарымен облыс әкімі Нариман Төреғалиев пен БҚО төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов келді. Теректі ауданы әкімі Тілекқабыл Габдушев қарсы алып, Подстепный ауылының тыныс-тіршілігімен таныстырды. Соның ішінде көктемгі су тасқынына қарсы ұйымдастырылатын жұмыстың жоспарын және дала алқаптарынан келетін еріген қар суының бағытын көрсетті.