Теректі аудандық мәслихаты Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 22 (Теректі аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерінін құру туралы) және 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 23 (Теректі аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы) шешімдеріне сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес Теректі ауданы бойынша аудандық сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыратыны туралы хабарлайды:
- №1 округтік сайлау комиссиясы-5 мүше,
- №2 округтік сайлау комиссиясы -5 мүше,
- №3 округтік сайлау комиссиясы-5 мүше,
- №4 округтік сайлау комиссиясы-5 мүше,
- №5- округтік сайлау комиссиясы-5 мүше,
- №6 округтік сайлау комиссиясы-5 мүше,
- №7- округтік сайлау комиссиясы-5 мүше,
- №8- округтік сайлау комиссиясы-5 мүше,
- №9- округтік сайлау комиссиясы-5 мүше,
- №10 округтік сайлау комиссиясы-5 мүше,
- №11 округтік сайлау комиссиясы-5 мүше,
- №12 округтік сайлау комиссиясы-5 мүше.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 19-бабының 6-тармағына сәйкес Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 24 шешіміне сәйкес (Теректі ауданының аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің міндетін атқарудан босату туралы) Теректі ауданы бойынша келесі сайлау комиссияларында Бос орындар құрылды.
- Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы -1 мүше,- № 353- учаскелік сайлау комиссиясы 2 мүше,- № 367- учаскелік сайлау комиссиясы 1мүше,- № 368- учаскелік сайлау комиссиясы 1мүше,- № 375- учаскелік сайлау комиссиясы 1мүше,- № 388- учаскелік сайлау комиссиясы 2мүше,- № 389- учаскелік сайлау комиссиясы 3мүше,
Әрбір саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр үміткер ұсынуға құқылы.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатура туралы саяси партиялардан ұсыныстар енгізу 2023 жылғы 1 қаңтардан 16 қаңтарға дейінгі мерзімде белгіленеді.
Мәслихат белгiлеген мерзіміне саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктер белгіленген уақытта тиісті мәслихаттарға нақты сайлау комиссияларға ұсынған кандидатуралардың тізімін және оған қоса мына құжаттарды ұсынады:
1) Белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;
2) Саяси партияның және жарғы бойынша тиісті уәкілеттігі бар өзге де қоғамдық бірлестіктердің,олардың құрамдық бөлімшелері отырысының ХАТТАМАСЫНАН тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидатты ұсынатыны туралы үзіндінің көшірмесі;
3) Саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бiрлестiктің, не оның құрылымдық бөлiмшесiнің әдiлет органдарында тiркелгенi туралы құжаттың көшiрмесi;
4) Аудандық мәслихатқа кандидаттың белгіленген нысан бойынша нақты сайлау комиссиясын көрсете отырып, жұмысқа қатысуға келісім беру туралы өтініші.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат пен әкімдіктің сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық Заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.
Құжаттарды толтыру кезінде сауалнамалық деректердегі қателіктерді болдырмау мақсатында аудандық мәслихат ұсынылған кандидатураның өтінішіне қоса жеке куәлігінің көшірмесін беруді сұрайды.
Аудандық учаскелік сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер туралы ұсыныстарды Теректі аудандық мәслихаты мына мекенжайда қабылдайды: БҚО, Теректі ауданы,Теректі ауылы, Сұңқар к-сі, 18 үй, 12 бөлме, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс күндері).
Құжаттарды тіркеуге және қабылдауға жауапты -аудандық мәслихат аппаратының басшысы Кенжегулов Булат Мухитович, тел:23-1-31,21-4-14,21-9-35.
Теректі аудандық
мәслихат хатшысы А.Нургалиев
Ұсынымдамаға 6-қосымша
нысан
______________________________________________________
(мәслихаттың толық атауы)
______________________________________________хатшысына
____________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
облыс, Астана қ., Алматы қ., Шымкент қ.,
______________________________________________ тұратын
аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)
______________________________________________________
(қызметтік, пәтерінің, ұялы телефонының нөмері)
Өтініш
Мен,___________________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
Қазақстан Республикасының азаматы,______________________________________________________ __________________________________________________________________________ ұсынылушы (саяси партия, өзге қоғамдық бірлестік, жоғарғы тұрған сайлау комиссиясының атауы)
________________________________________________жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін
(сайлау комиссиясының атауы)
Сайлау жүйесінде жұмыс өтілім бар _______________________________________
(иә, ___ жыл/ жоқ)
Жабылмаған немесе алынбаған соттығым жоқ.
Саяси мемлекеттік қызметшінің лауазымын иеленбеймін.
Парламент депутаты, басқа жергілікті өзін–өзі басқару органдарының, Қазақстан Республикасының соттарының судьяларының мүшесі болып табылмаймын.
Менің ЖСН-ді құзіретті органдарға жабылмаған немесе алынбаған соттылығым, әрекет етуге қабілетсіз, әрекетін шектеу деп тану туралы соттың шешімін белгіленген заң тәртібімен анықтауға сұраныс жіберу үшін пайдалануға келісімімді беремін.
201__ жыл «____»____________ _________________________
(өтініш берушінің қолы)
Өмірбаяндық мәліметтер:
Туған күні 19 _____ жыл «____» _______________
Жеке сәйкестендіру нөмері (ЖСН)_________________________________________
Ұлты* _______________________________
Партияға мүшелігі* _____________________________________________________________________
Білімі _________________________________________________________________
Мамандығы _________________________________________________________________
Жұмыс орны немесе айналысатын ісі ____________________________________________________
Иеленген лауазымы __________________________________________________________
Жеке куәлігінің мәліметтері __________________________________________________
(жеке куәліктің нөмері, кіммен және қашан берілді)
Комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлікте тұратын 18 жастан асқан жақын туыстары туралы мәліметтерді ұсынамын**.
Ескерту:
*Қазақстан Республикасының Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлттық және партиялық тәуелділігі қалауына байланысты көрсетіледі.
** Сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Өтінішке қосымша
Жақын туыстары туралы мәліметтер __________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
р/с |
Жақын туыстарының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Ескертпе |
|
1 |
|
әкем |
|
2 |
|
шешем |
|
3 |
|
ұлым |
|
4 |
|
қызым |
|
5 |
|
аға-інілерім |
|
6 |
|
әпеке-сіңлілерім |
|
7 |
|
атам |
|
8 |
|
әжем |
|
9 |
|
немерем |
|
10 |
|
жұбайым (зайыбым) |