
Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихатыныңың ХXXI кезектен тыс сессиясы өтті. Теректі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 48-2 «Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Арайлым Махметовна Тасенова баяндама жасады.