
Ағымдағы жылдың қарашаның 17 күні Теректі ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы А.Байжумашева мен "Бірлік" деструктивтік діни ағымдардан қорғау және көмек көрсету орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Теректі аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Айтқалиева Аягөз Айбарқызының қатысуымен Теректі ауданының ветеринариялық станциясында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша қоғамдық бақылау жүргізілді.
Қоғамдық бақылау барысында аталмыш мекемеде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында пандус, арнайы қоңырау батырмасының орнатылуымен, мекемеге келген қызмет алушыларға арналған «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының» жұмыс істеп тұруына бақылау жүргізілді.