Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Үндеуі

Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Үндеуі

Құрметті  сайлаушылар!

2022 жылғы 20 қараша күні Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Бұл – еліміз үшін әрі әрқайсымыз үшін өте маңызды оқиға.

Сайлауға қатысу – жай ғана құқығыңыз емес, азаматтық міндетіңіз. Неғұрлым көп адамның дауыс беріп, саналы түрде саяси ұстанымын көрсетіп, өз пікірін ашық білдіруі Қазақстанның болашағына соғұрлым зор ықпал ететін шешуші фактор болып есептеледі. Осы тұрғыдан алғанда «Маған бәрібір!» деп қол сілтей салу өте орынсыз. Немқұрайлылықтан аулақ болу «Жеке таңдау ештеңеге әсер етпейді» деген қасаң көзқарастың жаппай таралуына тосқауыл қояды.

Таңдау жасауға әрдайым да жол ашық және осы қадамға саналы түрде, толық жауапкершілікпен бару керек.

Біз әрбір сайлаушыны өзі таңдаған кандидатқа дауыс беруге шақырамыз. Қазақстанның 18 жасқа толған әр азаматы өз еркімен шешім қабылдайды.

Сіздерді 2022 жылдың 20 қарашасында  сайлау  учаскелерінде  күтеміз!