Орын алған қолайсыз метеорологиялық құбылыстардың салдарынан көптеген электржелілері зақымдалды

Орын алған қолайсыз метеорологиялық құбылыстардың салдарынан көптеген электржелілері зақымдалды

Орын алған қолайсыз метеорологиялық құбылыстардың салдарынан көптеген электржелілері зақымдалып (сымдар үзілуі, ағаштардың құлауы, элбағаналарының қирауы және т.б.) элжарығы айырылыды. Осыған байланысты бүгін (01.11.2022 ж.) аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі штабтың көшпелі отырысы Теректі АЭТ-да өткізілді. Аудан басшылығы Теректі және Ақжайық АЭТ басшыларының атқарылып жатырған есептерін тыңдап тиісті тапсырмалар берді.

2022 жылғы 01 қараша сағат 23:30 жағдайына аудан бойынша 30 елді мекенде (оларда 2124 абонент) элжарығы айырылды. Қазіргі таңда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары тоқтатылды. 2022 жылғы 02 қараша сағат 08:00-ден басталады.

Аудан аумағындағы 149 әлеуметтік нысанның жағдайы бақылауға алынды.

Өткен тәулік ішінде:

1) аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшылығымен (№12 ӨСБ, Теректі ауданының полиция бөлімі) далада мал бағып адасып кеткен 1 адам табылды (медициналық көмектен бас тартты).

2) №12 ӨСБ елді мекен аумағындағы шарушылық құрылыста (монша) орын алған өрт сөндірілді

Теректі ауданы әкімінің аппараты