Тоқпай ауылының тұрғындарымен кездесті

Тоқпай ауылының тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Тілекқабыл  Габдушев жұмыс сапарымен Тоқпай ауылында болып, жақында тұрғындарға берілген 78 пәтердің түрлі мәселелері бойынша мердігерлермен кездесті. Бүгінгі таңда аталмыш пәтерлердің инженерлік-инфрақұрылым желілерін тарту бойынша кейбір мәселелер құрылыс материалдарының күрт қымбаттауы мен тапшылығынан туындап отыр. Айта кетер болсақ, бүгінгі күнде ауыз су мен газ тұтынушыларға күнделікті пайдалануға жетпей тұрды.

Аудан басшысы мердігер мекемелердің басшыларына жұмысты жеделдетуді тапсырып, жауапты бөлімдерге бақылауды күшейтіп, мәселенің шешілу жолдарын қарау керектігін айтты. Мердігерлер өз тарапынан, ауыз суды күнделікті косатындарын айтты. Оған қоса, газ тоқпайлық тұрғындарға күнделікті пайдалануға берілетін болады. Мәселе біржола реттелгенше бос пәтерлердегі газ құбырының авариялық қауіпсіздігіне ауылдық әкімдіктен арнайы жауапты маман бекітілді. Тұрғындардың түрлі мәселелерімен бір жерден көмек көрсету мақсатында бір пәтер уақытша кеңсе ретінде ашылды. Сол жерден мамандар жаңа үй тұрғындарының туындаған сұрақтарына жауап береді.

Аулаларды абаттандыру жұмыстарының мерзімді аяқталмауы битум мен қиыршық тастардың тапшылығына байланысты болып отыр. Алайда, бұл мәселе де мамандардың жіті бақылауында болады.