
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 14 күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, жұмыспен қамту орталығы және мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі салалары бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің онлайн түріндегі жәрмеңкесі, аудан әкімдігінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасындағы тікелей эфирде өткізілді. Әр бөлім өз саласы бойынша атқарған жұмыстары бойынша баяндама жасап, өз салалары бағытында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша түсінік берді.
Алдағы уақытта мұндай шаралар жалғасын табады.