
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің БҚО бойынша департаментінің бастамасымен ағымдағы жылдың 25 тамызында «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Теректі ауданының бөлімінде онлайн форматта қоғамдық қабылдау өткізілді.
Қабылдауға бөлімдер мен аудан әкімі аппаратының бас инспекторы А.Байжумашева қатысты.
Қабылдауға онлайн қосылған азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсетілуі бойынша жер қатынастары саласына өз сауалдарын қойып, мамандар тарапынан толықтай жауап берілді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы шаралар өз жалғасын табатын болады.