
Аңқаты мектебінде 172 оқушы білім алатынын ескерсек, қыркүйекте оқушылардың барлығы жаңа ғимаратта болуы тиіс. Осы орайда жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер мекеме өкілдеріне оқу жылы басталғанша құрылысты аяқтауды тапсырып, мектеп басшылығына ғимарат айналасын абаттандырып, тазалығын қадағалап, ретке келтіруін ескертті.
Сонымен қатар, Ұзынкөл ауылындағы жол жөндеу жұмыстарына соғып, құрылыс барысымен танысты. Жол құрылысына жауапты "ДСК Приоритет" ЖШС өкілдеріне жөндеу жұмыстарының сапасы жеке бақылауында болатынын айтты.
Аудан басшысының халықпен кездесулерінде көтерілген мәселелер бойынша да бірқатар нысандарды аралап, округ әкімдеріне тапсырмалар берді.
Подстепное ауылындағы нөмірі бірінші мектептің жанындағы авариялық деп танылған ескі жылыту қазандығын бұзып, орынын тазалауды тапсырды. Себебі ескі ғимарат құласа, адам өміріне қауіп төндіреді.