Бір күндік жұмыс сапарын аудан әкімі Тілек Габдушев Теректі ауылдық округі аумағында тәмамдады.

Бір күндік жұмыс сапарын аудан әкімі Тілек Габдушев Теректі ауылдық округі аумағында тәмамдады.

Мал өсірумен айналысатын «Сүйіндік ұрпағы» ШҚ бөлінген жер көлемі - 1930 гектар. Қожалық басшысы Ертарғын Менешов соның 1423 га жерін жайылымға салған.

Екі жүзден аса ірі қара бағып отырған қожалықта мал бағымы жеңілдетілген. Өйткені, малдың беталды жайылып, жолға шығып кетуі немесе жыраға түсуін болдырмау үшін қожалық басшысы жайылымды айналдыра электр бақташы орнатқан.

Күн арқылы қуат алатын желі жақындаған малды шым еткізер электр тогымен ұрып жібереді. Бір-екілі соғылған мал сым тартылған жерге жақындауға жасқанып, қоршалған жерден шықпайды.

- Электр бақташы орнатуға 2 млн.500 мың теңгедей қаржы жұмсадым. Дегенмен, шығынға жібердім деп ойламаймын. Бұл құрылғы маған үлкен көмек. Мал басы түгел. Үнемі көз жазбай бақташы қарауын да қажет етпейді,-деген Ертарғын Сүйіндікұлы аудан әкіміне өз шаруасын дамытуға қажетті шаралар жайын да айтты.