«Қауіпсіз аула»

«Қауіпсіз аула»

Бүгін аудан орталығы Теректі ауылының орталық стадионында «Қауіпсіз аула» акциясы аясында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен шара оздырылды. Шараға аудан әкімдігінің өкілдері, Теректі ауданының полиция бөлімінің өкілдері, Теректі аудандық аурухана қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы, Теректі ауданының білім беру бөлімі, БАҚ өкілдері, ұстаздар мен ата-аналар қатысты.

Акция барысында балалар мен ата-аналарға, ұстаздарға өрт кезіндегі алғашқы әрекеттер, жол қауіпсіздігі ережелері, суға бату кезіндегі алғашқы көмектің дағдылары практикалық тұрде және т. б. көрсетілді. Сонымен қатар, балаларға сұрақтар викторинасы, асфальтқа бормен сурет салу сайысы, би флэшмобы ұйымдастырылды. Шара аяқталғаннан кейін барлық балаларға қауіпсіздік тақырыбындағы жаднамалар мен Теректі ауданының төтенше жағдайлар бөлімі дайындап қойған тәттілері таратылды.