
Бүгін Теректі ауданы әкімдігінде аудан әкімі Тілек Габдушевтің төрағалығымен аудандағы ветеринария қызметінің І жартыжылдықта атқарған жұмыстарын талдаған кеңес өтті.
Кеңесте аудандық аумақтық ветеринариялық инспекция басшысы Тілек Мұқатов, аудандық ветеринариялық станциясы директорының міндетін атқарушы Алмас Юмабаев осы салада жоспарланған және жыл басынан бері атқарылған жұмыстар жайын баяндады.
Ақжайық ауылдық округі әкімі Болат Қадырәлиев пен Ақсуат ауылдық округінің әкімі Жаннұр Ахметов өз аумақтарындағы осы саладағы іс-шаралар, алдағы жоспарлары жайында мәлімет берді.