
Аудандық Достық үйінде үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы жөнінде дөңгелек үстел өтті.
Жиынға облыс орталығынан мамандар қатысып, маңызды мәселелерді талқылады. Атап айтсақ, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Аслан Тапишев, ішкі саясат басқармасының саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің бас маманы Әлихан Қайыров, «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбаршын Мұштанова іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар ауданымыздағы үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік органдармен байланысы, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды қалыптастыру әрі жүзеге асыру және жастар саясатын дамыту бойынша сұрақтарын қойып, ой-пікірлерін ортаға салды.