
Ағымдағы жылдың 14 шілде күні Теректі ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы А.Умаргалиева мен "Бірлік" деструктивтік діни ағымдардан қорғау және көмек көрсету орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Теректі аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Айтқалиева Аягөз Айбарқызының қатысуымен Теректі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша қоғамдық бақылау жүргізілді.
Қоғамдық бақылау барысында аталмыш мекемеде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында пандус, арнайы қоңырау батырмасының орнатылуымен, мекемеге келген қызмет алушыларға арналған «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының» жұмыс істеп тұруына бақылау жүргізілді.