
Теректіде 23 маусым — ҚР Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты шара өтті. Оған аудан әкімі Тілекқабыл Габдушев қатысып, мемлекеттік қызметкерлерді мерекемен құттықтап, бірқатар мамандарға өз атынан алғыс хат табыстады. Сонымен қатар ҚР Президенті мен БҚО әкімі Ғ.Есқалиевтің атынан білім беру бөлімінің басшысы Ж.Хұсайнова, Шағатай ауылының әкімі О.Құсайнов, Долин ауылының әкімі Т.Манатауов, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру , бақылау жұмыстары және мемлекеттік қызмет мониторингі мен ақпараттандыру бөлімінің басшысы Қ.Сұлтанова, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру , бақылау жұмыстары және мемлекеттік қызмет мониторингі мен ақпараттандыру бөлімінің бас инспекторы А.Гайнуллин, Подстепный ауылы әкімдігі аппаратының бас маманы Б.Өтепов, Шаған ауылы аппаратының бас маманы И.Оболевич, Приречное ауылы аппаратының бас маманы Р.Байғасиеваны марапаттады. Ал мемлекеттік қызмет істері агенттігінің атынан әкім аппаратының құжаттамалық қаматамасыз ету және шаруашылық жұмысы бөлімінің басшысы А.Сәрсеноваға алғыс хат табысталды.
Теректі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Қадырбек Бегманов БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, подполковник Руслан Әміржановтың алғыс хатын бір топ қызметкерлерге берді.
Мерекелік шара барысында жер қатынастары бөлімінің бас маманы Дина Дүйсеналиева салтанатты түрде ант қабылдады.
Марапаттау рәсімі одан әрі мәдениет үйі өнерпаздары дайындаған концертпен жалғасты.