Аудан әкімі Тілекқабыл Габдушев Шаған ауылдық округінің бақша басына арнайы барып, еңбекқор азаматпен тілдесті

Аудан әкімі Тілекқабыл Габдушев Шаған ауылдық округінің бақша басына арнайы барып, еңбекқор азаматпен тілдесті

Ауыл тұрғындарының негізгі кәсіптерінің бірі жер жыртып, бақша егу десек артық айтқандық емес. Жыл сайын елді мекен іргесіндегі арнайы дайындалған жерлерге қауын-қарбыз өсіреді.

Жерден несібесін терген жандардың қатарында Шаған ауылының Зуев Дмитрий тұрғыны да бар. Ол Шаған ауылдық округіне қарасты Барбастау өзенің маныңдағы учаскесіне 5 гектарға жуық жерге бақша дақылдарын егіп, күтіп баптап жатыр.
Бүгінгі таңда бақшада 0,2га қауын-қарбыз, 0,2га қиыр, 1га сәбіз, 3га қызанақ, 0,2га асқабақ сияқты халық көп тұтынатын көкөністер жайқалып өсіп тұр.

Көктемнен бастап бақша басында кетпен ерінбей еңбек етіп жатқан Сүлейменов Ақтілек, Баянгалиев Мейрамбек отбасымен бірге ешқашан сәбіз, картоп, жуа немесе қауын-қарбызды сатып алмайтынын тілге тиек етті.

“Бақша дегеніміз береке ғой”. Күн жылына бастағаннан бала-шағам және бауырларыммен бірге осы жерде еңбек етіп жатырмыз. «Еңбектің наны тәтті» деп бекер айтпаған ғой. Амандық болса, аз ғана күннен соң бақша дақылдары пісе бастайды. Өзімізден артылғанын аудан орталығына апарып сатамыз, – деп ағынан жарылды.

Аудан әкімі Тілекқабыл Габдушев тұрғындардың барлығы да бақша егіп, азық-түлік бағасын тұрақтандыруға үлес қосуына болады. Себебі, бақша еккен әрбір адам өздеріне қажетті картоп, жуасын, қырыққабат пен өзге де дақылдарын жинап, базардан сатып алмайды.