Қоғамдық қабылдау жүргізілді

Қоғамдық қабылдау жүргізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің БҚО бойынша департаментінің бастамасымен ағымдағы жылдың 26 мамырында «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Теректі ауданының бөлімінде онлайн форматта қоғамдық қабылдау өткізілді.

Қабылдауға Теректі аудандық мәслихат депутаты, Теректі ауданының жастармен жұмыс жөнінідегі ресурстық орталығының басшысы,аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Н.Аткеева мен аудан әкімі аппаратының бас инспекторлары А.Байжумашева және А.Умаргалиева қатысты.

Қабылдауға онлайн қосылған азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсетілуі бойынша әскерге шақырудан босату және құрылыс саласында өз сауалдарын қойып, мамандар тарапынан толықтай жауап берілді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы шаралар өз жалғасын табатын болады.