
Ағымдағы жылдың 19 мамыр күні Теректі ауданы әкімі аппаратының бас инспекторлары А.Байжумашева мен А.Умаргалиеваның, Теректі аудандық мәслихат депутаты, Теректі ауданының жастармен жұмыс жөнінідегі ресурстық орталығының басшысы,аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Н.Аткееваның қатысуымен Теректі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша қоғамдық бақылау жүргізілді.
Қоғамдық бақылау барысында аталмыш мекемеде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында пандус, арнайы қоңырау батырмасының орнатылуымен, мекемеге келген қызмет алушыларға арналған «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының» жұмыс істеп тұруына бақылау жүргізілді.