
Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді.
Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.
Шара барысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Дамир Сансызбайұлы Ғұмаров теректіліктерді мерекемен құттықтады.
Рәміздер күні-елдігімізді айғақтайтын қастерлі мереке. Бүгінгі таңда еліміз даму жолына бағыт түзеп, өсіп-өркендеуде. Оның бәрі тәу етер Тәуелсіздіктің арқасы. Ал азаттығымыздың бір көрінісі-рәміздер екені айдан анық,-деді өз сөзінде.
Одан әрі мәдениет үйі өнерпаздары А.Шайхин «Көк тудың желбірегені», Қ.Сағидуллин «Отаным қазақ елі», Ш.Елжанова «Қазақстаным», А.Дәулетқалиев «Рәміздерім-қастерлім» сынды патриоттық әндерді шырқап, «Жұлдыз» үлгілі би ансамблі бимен көркемдеді.