
Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні Теректі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет мониторингі және ақпараттандыру бөлімінің басшысы А.Байжумашеваның және бас инспектор А.Умаргалиеваның, Теректі аудандық мәслихат депутаты, Теректі ауданының жастармен жұмыс жөнінідегі ресурстық орталығының басшысы,аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Н.Аткееваның қатысуымен Теректі аудандық ауруханасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша қоғамдық бақылау жүргізілді.
Қоғамдық бақылау барысында аталмыш мекемеде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында пандус, арнайы қоңырау батырмасының орнатылуымен, мекемеге келген қызмет алушыларға арналған «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының» жұмыс істеп тұруына бақылау жүргізілді. Сондай-ақ аурухана ұжымымен кездесу өткізілді.