
Қымбатты теректіліктер!
Баршаңызды айтулы да айбынды мерекелер – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Биыл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл. Қуатты әскер – тәуелсіз елдің берік қалқаны. Егемен еліміздің төл әскері осы жылдарда талай белестерді бағындырып, ел мерейіне айналды.
Қарулы Күштердің қалыптасуы мен даму тарихында көптеген ерен істер мен даңқты дәстүрлерден қаланған жанкешті еңбектің жылнамасы жатыр.
Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының биіктігі мен Қарулы Күштердің беріктігінде Ұлы Жеңістің жарқын бейнесі көрініс тапқан.
Ұлт тағдыры таразыланған тұста қара бастың қамын емес, қараша халықтың бейбіт таңын биік қойған ерлердің есімі ұрпақ жадында. Оны ешкім де, ешнәрсе де ұмыттыра алмайды.
Бүгінгі егемендік пен еркіндік – аға ұрпақтың кейінге қалдырған ұлы аманаты. Бұл ретте біз, ардагер аға буынның абзал тәрбиесі мен адал өнегесін көріп өсіп келе жатқан жас толқынның осы үрдістен адаспауына қажетті жағдайдың бәрін жасауға міндеттіміз.
Уважаемые земляки!
Именно в этот день, 7 мая 1992 года Указом Президента страны созданы Вооруженные Силы Республики Казахстан. С тех пор празднование этой даты стало традицией казахстанских воинов. Этот день олицетворяет одновременно летопись героических подвигов казахстанцев и преемственность традиций служения Отечеству.
Этот праздник напоминает нам, что наш народ способен на великие свершения, когда все люди, независимо от социального статуса, национальности и вероисповедания, объединяются для решения судьбоносных для страны задач.
Всех поздравляю с праздником! Пусть ваши семьи, с вами всегда чувствуют себя как за каменной стеной, и пусть мир и благополучие никогда не покинут ваш дом!
Ардақты ағайын!
Бар өмірін әскери іске арнап, күн-түн қатып, елін, жерін қорғап, өз қызметін мінсіз атқарып келе жатқан жауынгерлерімізге алғысымызды білдіреміз.
Бүгінгі ерекше күні Сіздерге шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгіліктер мен игіліктер тілеймін.
Ізгі тілекпен, аудан әкімі Тілекқабыл Габдушев