
Өңір басшысы аудандық мәдениет үйінде теректіліктермен кездесуде. Жиында Теректі ауданы әкімі Тілекқабыл Габдушев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасады.
Теректі ауданы-даму әлеуеті жоғары, аумағынан республикалық маңызы бар автокөлік және темір жол өтетін, халықаралық әуежайы, бірнеше ірі кәсіпорындар орналасқан, бизнесті дамытуға қолайлы аудан. Теректіде 15 округ, 49 елді-мекенде 38 203 халық тұрады.
Аудан бюджеті 14 млрд 307,5 млн теңге, оның ішінде салықтық қаражат 1 млрд 885,1 млн теңгені құрайды.