
Зауытта 135 адам жұмыс істейді, ал оның өнімі (жылына шамамен 50 мың тонна) тек БҚО-да және көршілес облыстарда ғана емес, сондай-ақ Түркіменстанда, Өзбекстанда, Ауғанстанда, Тәжікстанда және Ресейде сұранысқа ие.
2,8 млрд теңге мемлекеттік қолдау алған кәсіпорын «айналым схемасы» арқылы бағаны тұрақтандыру саясатын іске асыруға белсенді қатысуда, соның арқасында өсімдік майының бағасы айтарлықтай төмендеді.
«Өздеріңіз білетіндей, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Осыған байланысты нарықты отандық ауыл шаруашылығы өнімдерімен толықтыру бойынша жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Олардың ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары – бірінші кезекте.
Нарықты күнбағыс майымен қамтамасыз ету үшін қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамту бойынша шаралар қабылданып жатыр. Осы мақсатта күнбағыс тұқымы мен күнбағыс майын шығаруға квота енгізілгені белгілі», – деді ҚР Премьер-Министрі.