Су тасқыны кезіндегі іс-әрекеттер

Су тасқыны кезіндегі іс-әрекеттер

Су тасқыны дегеніміз – табиғи жағдайға байланысты құрғақ жердің едәуір бөлігін судың уақытша басуы. Су тасқыны мына жағдайларда орын алуы мүмкін:

  • Гидротехникалық құрылыстардан суды жіберу;
  • Қардың тез еруі, мұз кептелісі;
  • Үздіксіз немесе күшті жауын-шашынның жаууы.

Су тасқынын алдын-ала болжауға болатындықтан, оның алдын алуға болады.  Су тасқыны туралы естігеннен кейін ол жайында өз туысқандарыңызға, көршілеріңізге айтып, қарияларға және ауруларға көмектесіңіз. Су тасқаны туралы мәліметте тұрғындарды эвакуациялау тәртібі айтылады.  

Эвакуацияға дайындық кезіндегі тұрғын үйіңіздің қауіпсіздігі үшін:

- суды, газды, электрды сөндіріңіз;

- пештегі отты сөндіріңіз;

- Бағалы заттарыңызды жоғарға шығарыңыз;

- терезе мен есіктерді жауып, қажет болған жағдайда терезелерді қағып тастаңыз.

Эвакуация басталғаны туралы хабарды алғаннан соң тез арада өзіңізбен бірге:

- құжаттарыңызды, бағалы заттарды, дәрі-дәрмектерді;

- маусымға сәйкес киім-кешектерді;

- Бірнеше күнге жететін азық-түлікті алып, жиналу орнына шығыңыз.

 

Теректі ауданының ТЖ бөлімі.